Қазақстандағы митингтер: ІІМ оқиға орнынан видео жариялады
Жарияланған күні:
Ондаған ашулы адам, полицейлермен текетірес, қоғамдық тәртіптің бұзылуы. Ішкі істер министрлігі Қазақстанда 9 және 10 маусым күні өткен санкцияланбаған митингтердің кадрларын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейнежазбаны Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынды. Кадрларда полицейлерге қарсылық танытқан көптеген митингке қатысушылар бейнеленген. Топтар тарапынан қалқандарға соққы жасалып, жұдырықтар мен шоқпарлар сермеліп жатыр.
Осыған дейін белгілі болғандай, сайлау күні және одан келесі күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 700- ге жуық адам ұсталған.
Ішкі істер министрлігінде бұл әрекеттердің барлығы тыйым салынған ұйым белсенділерінің насихатының нәтижесі деп түсіндірді.
Әлеуметтік желілер мен хабарламарды тексерген ведомство нәтиже бойынша сырт мемлекеттен ҚДТ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) басшыларынан нұсқау түсіп отырғанын анықтады.
Ұсталғандардың бір бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, екіншілері түсіндіру жұмыстарынан соң үйіне жіберілді.
Оған қоса, сайлауда қазіргі 70%-дан аса дауыс жинап, жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев халықты диалог құруға шақырды. Мемлекет басшысы демонстраттар тарапынан үш полицейдің жарақат алып, ауруханаға түскенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798992-kazakstandagy-mitingter-iim-okiga-ornynan-video-zarialady/