Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылысқа байланысты пойыздар уақытынан кешігуде

Жарияланған күні:

Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Шымкент -Арыс -Темір" жол учаскесінде пойыздар өз кестесінен кешігіп жатқанын мәлім етті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
"ҚТЖ" АҚ-на қарасты барлық мекемелер осы жол торабында қатынайтын барша жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі үшін алдын ала шараларын өткізуде. Пойыздардың кешігуі туралы ақпарат сәйкесінше вокзал кешендерінде берілуде. Сондай-ақ барша ақпаратты 105 бірыңғай қоңырау орталығы арқылы да біле аласыздар", - делінген хабарламада.

Ведомство өз жолаушыларына түсінушілікпен қарауын өтінетінін жеткізді.

Айта кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс орын алды. Жергілікті халық зәресі ұшіп, жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Бұл жағдайға қатысты Арыс қаласында арнайы медициналық штаб құрылды.

Ал өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев халықты сабыр сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801269-arystagy-zarylyska-bajlanysty-pojyzdar-uakytynan-kesigude/