RU
"Өтірігінен шаршадым": Ағайындылар қағып кеткен жігіттің әжесі жанайқайын айтты

"Өтірігінен шаршадым": Ағайындылар қағып кеткен жігіттің әжесі жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы адамдарды жаппай көлікпен қақу оқиғасы жаңа ақпараттармен толығуда. Екі тарап қарама-қайшы мәлімет таратып жатыр. Жапа шеккендердің бірінің әжесі болған оқиға туралы айтылып жатқан өсек пен жорамалдан шаршап, жағдайға қатысты өз ойын айтты деп жазады Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зардап шегуші Стас. Фото: Instagram

Зардап шегуші Стас. Фото: Instagram

Надежда Владимировна - Стас есімді оқиғадан зардап шеккен жігіттердің бірінің әжесі. Қарт кісі ауруханада жатқан үш адамның да жағдайы ауыр екенін айтты,

Надежда Владимировнаның сөзінше, немересінің халі тым ауыр. Жас жігіттің мүгедектігі бар болып шықты. Алған жарақаттары оның денсаулығына кері әсер етіпті.

"Ол төсектен тұра алмайды, оның арқасы қатты ауырады", - деді ол.

Әжейдің айтуынша, ата-анасынан ерте айрылған соң Стасты өзі тәрбиелепті.

Егде жастағы әйел күдікті тараптың өтірігінен шаршағанын айтты.

"Олар ұрды деп жазып жатыр. Жоқ, бәрін солар (ағайынды Әлкеевтер - ред.) бастады. 15 адамы бар топты қалай ұрады. Олар тек қана қорғанды", - деп айтты Надежда Владимировна.

Оның сөзінше, немересі дүкенге бара жатқан, сол сәтте бір топ жігіттер шабуыл жасаған.

"Маңайда кафе ме әлде басқа нәрсе ме бар, бір топ адам жүгіріп келіп, біздікілерге тиісе бастайды.

Тіпті, менің немеремнің "жігіттер, тоқтаңдар, біздің қатысымыз жоқ" деп жатқан видеосы да бар.

Әлгілер құлақ аспай, бұларға шабуылдайды. Бірінші менің немеремді ұрған. Сосын жанында тұрған Еркенді тұрған.
Жігіттер бұларды ұрып жатса, бұлар не істейді? Бұлар да төбелеске кіріп кеткен. Еркенді домкратпен ұрған, оның басы жаншылып қалған", - деді Надежда Владимировна.

Оның пікірінше, бұл әрекет жас жігіттерді тоқтатпай, олар көлікке отырып, қарсыластарын әдейі басып кеткен.

"Алдымен, Еркенді, сосын жиенімді және үшінші менің немеремді соққан. Тағы да жүріп өтпекші болған шығар. Куәгерлер болған, бәрін түсіріп алған. Енді қалай болғанын, видеоларды салып жатыр", - деді қарт әйел.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде адамдарды әдейі қаққан екі көліктің видеосы тараған болатын.

Кейін күдіктілердің туған ағайындылар екені анықталып, алардың анасы балаларын ақтап, халыққа үндеу жасады.

Сондай-ақ, зардап шеккен тарап та өздерінің нұсқаларын айтуда.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
7
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel