Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҒМ басшыларының үстінен шағымданған Анар Қайырбекова ЖОО біріне ректор болды

Жарияланған күні:

Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры қызметін атқарған Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ өткен брифингте растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: edu.gov.kz
Фото: edu.gov.kz: UGC
"Шешім қабылданды, мен мұны растаймын", - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Анар Қайырбекова Білім вице-министрі Рүстем Биғари мен оның жауапты хатшысы Арын Өрсариевтің үстінен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған еді.

Ол іске асырылмаған қызметтерге ақы төлеу үшін құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі деп айып тақты.

Артынша, БҒМ қызметкерлері жемқорлыққа қатысты айыптауға пікір білдірген болатын.

Кейін ол білім вице-министрі Фатима Жақыпованың диссертациялық жұмысын плагиат деп айыптап, оның ғылыми атаққа заңсыз ие болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1823287-bgm-bassylaryn-zemkorlyk-bojynsa-ajyptagan-anar-kajyrbekova-zoo-birine-rektor-bolyp-tagajyndaldy/