jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    БҒМ басшыларының үстінен шағымданған Анар Қайырбекова ЖОО біріне ректор болды

    : UGC

    Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры қызметін атқарған Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ өткен брифингте растады деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ

    .

    Фото: edu.gov.kz
    Фото: edu.gov.kz: UGC
    "Шешім қабылданды, мен мұны растаймын", - деді министр.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Анар Қайырбекова Білім вице-министрі Рүстем Биғари мен оның жауапты хатшысы Арын Өрсариевтің үстінен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған еді.

    Ол іске асырылмаған қызметтерге ақы төлеу үшін құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі деп айып тақты.

    Артынша, БҒМ қызметкерлері жемқорлыққа қатысты айыптауға пікір білдірген болатын.

    Кейін ол білім вице-министрі Фатима Жақыпованың диссертациялық жұмысын плагиат деп айыптап, оның ғылыми атаққа заңсыз ие болғанын айтты.

    БҒМ басшыларының үстінен шағымданған Анар Қайырбекова ЖОО біріне ректор болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.