RU
Жаңа жылдан кейін шетелге демалысқа аттанған жұлдыздар кімдер (фото, видео)

Жаңа жылдан кейін шетелге демалысқа аттанған жұлдыздар кімдер (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес өкілдері жаңа жыл қарсаңында және одан кейін де шетел асып, өздеріне демалыс ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Өнер жұлдыздары бұл жол да дәстүрден қалмай, мейрамды өткізе сала ауа райы мамыражай едерге жол тартты. 2020 жылда өзге мемлекетте демалып жүрген әртістер жайлы KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/sivi_makhmudi/aluakonarova/sadvakasovamadina/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/sivi_makhmudi/aluakonarova/sadvakasovamadina/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық эстрада өкілдерінен алғашқылардың бірі болып Мәдина Сәдуақасова шетелге аттанды. Әнші отбасымен бірге биыл жаңа жылды Малайзия елінде қарсы алған. Ол демалысы кезіндені суреттермен бейнежазбалармен Instagram парақшасында белсенді түрде бөлісуде.

Сәдуақасова тоқтаған Малайзияның Ланкгави аралына Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова мен Шахизада Байбатжанова да барған. Өнер иелері тіпті, бір қонақ үйге тоқтаған болып шықты.

Ал Сиви Махмуди болса отбасылық демалыс үшін Сингапурды таңдаған. Әншінің шетелдегі демалысы жаңа жылмен қатар, тұңғышының туған күнімен де тұспа-тұс келген.

Белгілі продюсер Алуа Қонарова өзге әріптестері секілді экзотикалық елдерден гөрі, бауырлас Түркияға баруды жөн көрген.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасованың жаңа жылды алғаш рет өзге елде қарсы алғанын жазған болатынбыз. Өнер иесі демалысы қалай өтіп жатқанын оқырмандарымен бөліскен еді.

Оған қоса, Қайрат Нұртастың жаңа жылды қалай қарсы алғаны да белгілі болды. Меркелік дастарханда ағайынды Нұртастармен ата-анасы бола алмаған.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel