Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нөсер жауын салдарынан Дубайды су басты (фото, видео)

Опубликовано:

Дубайда бірнеше күннен бері жаңбыр жаууда. Жауынның қаты болғаны соншалық өңірлерде су тасқыны басталған. Төтенше жағдайдан кейін әуежайда да бірнеше рейстер тоқтатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/akmartos
Фото: twitter.com/akmartos: Twitter

Әмірліктерде қуатты циклон жиналып, оның арты нөсерге ұласқан. Жиналып қалған сулар қаланың барлық көшелерін басып қалған. Тасқын саалдарынан шаһар көшелерінде көлік кептелісі орын алған.

Нөсер жауын әуежай жұмысына да кедергі келтіруде. Ұшу-қону жолағындағы судың жоғары деңгейі қозғалуға мүлдем жол бермейді. Осыдан кейін келетін де, ұшатын да бірнеше рейстер тоқтатылып, кейінге ауыстырылған.

Дубай әуежайы Twitter парақшасында нөсер жаңбырдың салдарынан алдағы 24 сағат ішінде қызметтер тоқтатылатындығын мәлімдеген.

Желіде Дәбай әуежайы мен қала көшелерінен түсірілген суреттер мен видеолар пайда бола бастады. Кейбір кадрларда адамдардың қала көшелерінде қайықпен жүргені көрінеді.

13 қаңтар күні таңертең Дубай халықаралық әуежайы әуежайы су тасқынына байланысты кейбір рейстердің тоқтатылып, кейінге қалдырылғандығы туралы ескерту жасады.

Айта кету керек, Дубай тұрғындары үшін мұндай ауа райы нағыз тосын сый болған.

Еске сала кетсек, өткен жылдың соңғы күні Индонезия астанасы Джакртада толассыз нөсер салдарынан, су тасқыны болған еді.

Билік өкілдерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, Индонезиядағы су тасқыны 53 адамның өліміне себепші болған. Сондай-ақ 170 мың адам баспанасыз қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1835825-nser-zauyn-saldarynan-dubajda-su-basty-foto-video/

pixel