Төлешовтің бассейні бар зәулім сарайы мен мәдениет үйі сатылымға қойылды
Жарияланған күні:
Шымкентте сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің "Фосфорник" мәдениет үйі мен басқа да жылжымалы мүлік "қалдықтары" сатылымға қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
gosreestr.kz ресми сайтының электронды сауда алаңында "Дархан Group" компаниясының жарғылық капиталының үлесі сатуға қойылды, оның 99% акциясына бұрын Тоқтар Төлешов иелік еткен еді.
Аталған мүлік "сыра королінен" екі рет -алдымен астаналық әскери сот (25 қылмыстық бап бойынша кінәлі деп танылды, соның ішінде мемлекеттік сатып алу әрекеті, сондай-ақ бірқатар аса ауыр қылмыстар бойынша) және Шымкент қаласының Еңбекші соты (экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша) соттаған соң тәркіленген.
Сатылымға қойылған мүліктің ішінде төрт нысан бар.
Атап айтқанда, жалпы ауданы 9812,2 ш. м., жалпы ауданы 5,2341 га жер учаскелерімен "Фосфорник" мәдениет сарайы.
Мұнда іргелес учаскелермен екі тұрғын үй (ауданы 335 және 59,9 ш.м.) бар. Олардың бірінің аумағында бассейн, күзетке арналған орын көрсетілген. Жағдайы қанағаттанарлық.
Ал екіншісінің аумағы аз, өркениет игіліктері жоқ және қазіргі жағдайда пайдалануға жарамсыз.
Сонымен қатар, 0,7438 га жер учаскесімен жалпы алаңы 1307,3 ш. м. тұрғын емес ғимарат бар.
Барлық нысандар 1,2 млрд теңге бастапқы бағасы бар бірыңғай лотпен қойылады.
Аукцион түрі ағылшын тәсілі- сатылымды көтеру бойынша анықталады. Сатылымның басталуы 6 ақпан 11:00- ге белгіленді.
Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сатушы және уәкілетті орган болып табылады.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы Максим Горький атындағы мемлекеттік драма театрының бұрынғы басшылығы қомақты сома жымқырды деген күдікке ілінді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837556-tlesovti-bassejni-bar-zulim-sarajy-men-mdeniet-ji-satylymga-kojyldy/