Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытбек Смағұл Қытаймен арадағы шекара бекеттері жабылғанын айтты

Опубликовано:

Қытай Халық Республикасымен арадағы барлық шекара бекеттері жабылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы мәжіліс депутаты, Қазақстан ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлдың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Getty Images/Xiaolu Chu
Фото: Getty Images/Xiaolu Chu: UGC

"Қытайдай алпауытқа ауыр зұлмат келді. Тәңір оларға төл "Жаңа жыл" мерекесін де тойлатпай тастады. Қазіргі кезде шың елінде тұрғындарының саны тұтас Қазақстан халқынан да көп қалалар карантинге жабылуда. Оларда халықтың дүрбелеңге түсіп, тамаққа таласып, бүлініп жатқанын ақпарат құралдары таратуда.

Вирус Қытайдан сыртқа шығып кетті. Онымен сырқаттанғандар Гонконг, Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, АҚШ, Сингапур, Вьетнамда тіркелген. Ал кейінгі жылдары қытай инвестициясына құшағын ашып, бұл елмен етене болып кеткен Аустралия бүгінде тәж вирусы таралуы кесірінен туристерден айырылып жатыр.

Енді қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қытай Халық Республикасымен арадағы шекараны тас бекіту туралы талаптар қоюда, осыған орай мынаны хабарлағым келеді: Қазақстан шығыс көршіден вирус елге енбеуі үшін "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын уақытша жапты.

Сонымен қатар, шекарашыларымыз Қытаймен шектесетін мемлекеттік шекара бойындағы барлық өткізу бекеттерін – "Бақты", "Майқапшағай", "Достық–Алашанкоу", "Қалжат" пункттерін де жауып, қымтады.

Мемлекет халқымызды қорғау үшін қажетті шараларды қолға алып отыр.

Еске сала кетсек, өлімге әкелетін коронавирус Қытайдың барлық провинцияларына таралған. Елдегі науқастардың саны 1300-ге жетті, 40-тан астам адам жапа шекті.

Бұған дейін өлім вирусының "отаны" болған аспан асты елінің қаласында коронавирусты жұқтырған барлық науқастар орналастырылатын емхана салу жоспарланып отырғаны айтылды. Медициналық мекеменің құрылысын 6 күнде аяқтау жоспарланған", - деді Бақытбек Смағұл.

Одан бөлек, Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың жаңа түріне қатысты ақпарат пен оның электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті инфекция оқиғалары болған жоқ.

Бүгін Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837897-bakytbek-smagl-kytajmen-aradagy-sekara-beketteri-zabylganyn-ajtty/

pixel