RU

Қытайдан келген төрт адам Қазақстанда ауруханаға жатқызылды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нурышев үкіметтің баспасөз мәслихатында Қытайдан Қазақстанға қанша адам келгендігі және биліктің қауіпті коронавирустың елде таралуын болдырмау үшін не істейтіні туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қытайдан Қазақстанға 25 858 адам келген.

Олардың арасында Қазақстан азаматтарынан бөлек, шетел азаматтары да бар.

Спикер елге келген адамдардың тізімі олар тұратын аймақтағы медициналық ұйымдарға беріледі.

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов растады.

"Бүгінде дене қызуы көтерілген 23 адам анықталды. Барлығын бақылауға алдық. Төрт адам "сан алуан инфекциясы бар" деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Енді, вирустық инфекциялардың нақты айырмашылығы болмағаннан кейін біз оларды өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқыздық. Қан сынамасы алынды. Үш тәуліктің ішінде жан-жақты диагностика жасалады", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан жүзге жуық адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1838167-kytajdan-kelgen-trt-adam-kazakstanda-auruhanaga-zatkyzyldy.html