Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Бейжіңнен келген балақай ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Бейжіңнен ұшып келген бүлдіршін Нұр-Сұлтандағы балалар инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Кішкентай қыздың қызуы көтерілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда Пекиннен келген балақай ауруханаға жеткізілді
Көрнекі фото: рixabay.com: UGC

Бұл туралы бүгін елордадағы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Балақай Қазақстан азаматшасы болып шықты. Кішкентай қыз Қытайдың тек Пекин қаласына барып, еліне қайтқан.

Ұшақпен ұшып-қонғаннан кейін қыздың қызуы 37 градусқа дейін көтерілгені анықталды.

Қытайдағы коронавирустың қазіргі жағдайына байланысты бала жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді.

Нұр-Сұлтан департаментінде хабарланғандай, "бала белсенді". Күні бойы мамандар қыздың қанын вирусқа тексеріп жатыр.

Сондай-ақ, коронавирустың Бепйжіңге де жетіп, тұрғындардың бірінің көз жұмғаны туралы хабарланған еді.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар - жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан 80 адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838168-nr-sltanda-pekinnen-kelgen-balakaj-auruhanaga-zetkizildi/

pixel