Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air басшысы екінші ұшқыштың жерлеу рәсімінде тілшілерден тұра қашты (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік астанада апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнына берілді. Марқұмның жаназасына әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов та келген. Алайда ол журналистердің сауалына жауап беруден бас тартып, тұра қашқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Bek Air басшысы екінші ұшқыштың жерлеу рәсімінде тілшілерден тұра қашты
Фото: KAZ.NUR.KZ, instagram.com/ardaq.kamal Instagram парақшасындағы видеодан кадр: UGC

54 жастағы азаматты ақтық сапарға әріптестері мен жақындары шығарып салды. Жолдастары марқұмды еңбекқор әрі ақкөңіл адам болған деп еске алды.

"Мектептен соң Ақтөбенің ұшқыштар училищесін бітірген. Содан ұшқыш болды. Алматыда қанша жылдан бері ұшқыш болып істеген. Жұмысын қатты жақсы көретін. Отбасына адал, бала-шағасына қарайтын. Жора-жолдасқа да адал жігіт болды", - дейді марқұмның сыныптасы Нұржамал Қасымова.

Мейіржан Молдақұлов ұшақ апатынан кейін басынан, жамбасы мен омыртқасынан ауыр жарақат алған.

Кейін оған бірнеше рет ота жасалып, дәрігерлер ұшқышты үйіне жіберген еді. Алайда ауруханадан жазылып шыққан азамат араға бір апта салмай көз жұмды.

Марқұмның артында жұбайы мен екі қызы қалды. Ұшқыштың отбасына Bek Air тарапынан көмек көрсетілетіні не көрсетілмейтіні әзірге белгісіз.

Жаназаға келген компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов өзіне сұрақ қойған тілшілерді итеріп, тұра қашқан.

Дереккөз КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырап, бірінші ұшқыш оқиға орнында көз жұмған болатын.

Ал екінші ұшқыш пен зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілген болатын.

Алайда 28 қаңтар апат болған Fokker-100 ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838718-bek-air-bassysy-ekinsi-skysty-zerleu-rsiminde-tilsilerden-tra-kasty/

pixel