RU
Күні кеше жер қойнына берілген Bek air ұшқышының қызы әкесі туралы айтып берді

Күні кеше жер қойнына берілген Bek air ұшқышының қызы әкесі туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

30 қаңтарда Bek air ұшағының екінші пилоты Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнына тапсырылды. Әуе қызметкерін ақтық сапарға шығарып салуға оның әріптестері мен туыстары келген. Ал марқұмның қызы әкесінің өз мамандығын шексіз сүйгенін және жұмысқа оралуға асыққанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Алина марқұм әкесі мамандығын шексіз сүйген азамат болғанын айтады. Оның сөзінше, асқар тауы тезірек айығып, қайтадан жұмысына оралуды тағатсыздана күткен екен.

Ол тіпті, аяқ астынан мұндай жағдай болады деп ойламапты. Себебі әкесі ауруханадан шыққан соң жағдайы жақсарып, көңіл-күйі де көтеріңкі болыпты.

"Кешегі (ред. 29 желтоқсан) қонақасын Bek air толығымен атқарды және де бүгінгі асын (ред. 30 қаңтар) Түркісіб ауданының әкімшігі өзіне алды. Соларға ризашылығымызды білдіреміз. Ол үлкен көмек болып тұр бізге қазірде", - дейді Алина Молдақұлова.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырап, бірінші ұшқыш Марат Мұратбаев оқиға орнында көз жұмған болатын.

Ал екінші ұшқыш пен зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілген болатын.

Алайда 28 қаңтар апат болған Fokker-100 ұшағының екінші ұшқышы Мейіржан Молдақұловтың қайтыс болғаны хабарланды.

Марқұмның жаназасына әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов та келген. Алайда ол журналистердің сауалына жауап беруден бас тартып, тұра қашқан.

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel