RU

Джеки Чан коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан адамға қомақты ақша бермек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайлық және америкалық әйгілі актер Джеки Чан коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан адамға миллион юань төлеуге уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

чанна

Джеки Чан. Фото: Getty Images / Frazer Harrison

Актердің ойынша, бөлінген 143 мың доллар яғни 54 миллион теңге дәрілік затттың жылдамырақ табылуына себеп болады. Джеки Чан бұдан бөлек қорғаныш киімдері мен медициналық бетперделер үшін де қаражат бөлмек.

"Гүлденуі тиіс көшелердің босап қалғанын көргім келмейді. Өмірден ләззат алуы тиіс адамдардың мұңайғандарын көргім келмейді", - деді Джеки Чан.

Айта кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирустан көз жұмғандар саны 908-ге жеткен. Үш мыңнан астам адам ауруханадан шығарылған.

Сондай-ақ БАҚ беттерінде Түрікменстанда коронавирустан көз жұмған адам өлімі тіркелгені туралы ақпар тарады. Марқұм Лебапский уәлаятында Қытайдан эвакуацияланған Түркіменстан азаматтары мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының қытайлық жұмысшыларына арналған лагерь аумағында қайтыс болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтстің қайырымдылық қоры коронавирусқа қарсы Қытай мен Африкада жүргізіліп жатқан шараларға көмек үшін 10 миллион доллар бөлетіні хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Джеки Чан коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан адамға қомақты ақша бермек
Mailfire view pixel