Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кино саласына орасан еңбегі сіңсе де "Оскар" алмаған актерлар кімдер

Опубликовано:

10 ақпанда киносүйер қауымның назарын өзіне аударған "Оскар-2020" марапаттау рәсімі өтті. Өнер иелерінің бірінің бағы шапса, енді бірі мүлдем жүлдеден тыс қалып жатты. Осы ретте KAZ.NUR.KZ BigPicture.ru-ға сілтеме жасай отырып, көрермен мойындағанымен, әлі күнге дейін "Оскар" сыйлығын алмаған жұлдыздардың тізімін ұсынады.

Кино саласына орасан еңбегі сіңсе де "Оскар" алмаған актерлар кімдер
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Том Круз

Том Круз - 57 жастағы америкалық актер, режиссер, сценарист, продюсер. Ең алғашқы рөлін 1981 жылы сомдаған ол осы уақытқа дейін 50-ге жуық кинокартинаға түскен. "Алтын глобус" марапатын иеленсе де, Томның әзірге "Оскары" жоқ.

Джонни Депп

Джонни Депп - 56 жастағы америкалық актер, режиссер, продюсер, музыкант. Кинодағы мансабы 1984 жылы басталған. Қалың көпшілікке Джек Воробей рөлімен таныс. Актер әзірге "Оскар" сыйлығын алмады.

Кира Найтли

Кира Найтли - 34 жастағы ұлыбританиялық актриса. Өнер жолын 1993 жылы бастаған. Әлем халқының сүйіспеншілігіне бөленген бірнеше туындыға түссе де, актрисаға "Оскар" әзірге бұйырмай тұр.

Шерон Стоун

Шерон Стоун - 61 жастағы америкалық актриса. Алғаш рет 1980 жылы киноға түскен. Актрисаның қоржынында "Алтын глобус", "Эмми" жүлделері бар. Дегенмен әлі "Оскар" сыйлығын иеленбеді.

Кэмерон Диас

Кэмерон Диас - 47 жастағы америкалық актриса, фотомодель. Алғашқы рөлін 1994 жылы сомдаған ол 2014 жылдан кейін кинодан бой көрсетпеді. Десе де Кэмерон "Алтын глобус" жүлдесін алған.

Бенедикт Камбербэтч

Бенедикт Камбербэтч - 43 жастағы ұлыбританиялық актер. Ең алғаш рет 2001 жылы киноға түскен. "Эмми" жүлдесін иеленгенінмен, "Оскарға" қолы жетпей жүргендер қатарында.

Айта кетсек, 10 ақпанда "Оскар-2020" марапаттау рәсімі өтті. "Ең үздік фильм" номинациясын "Паразиты" фильмі иеленді.

Ал аталған картинаның режиссері Пон Чжун Хо жылдың ең үздік режиссері атанды.

Жылдың ең үздік актері атағы режиссер Тодд Филлипстің "Джокер" фильмінде басты рөлді сомдаған Хоакин Феникске бұйырса, ең үздік актриса атағын "Джуди" картинасындағы рөлі үшін Рене Зеллвегер алды.

Ал Бред Питт екінші пландағы үздік ер адам рөлі үшін "Оскар" сыйлығын иеленді.

Актер үшін бұл екінші "Оскар" жүлдесі болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840471-kino-salasyna-orasan-ebegi-sise-de-oskar-almagan-akterlar-kimder/

pixel