Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Instagram-да не болса, соны жазбаңдар": Қар тазалаушы әйел халыққа үндеу жасады

Опубликовано:

Елорда әкімінің халыққа есеп беруі кезінде қар тазалаушы Татьяна Николаевна астаналықтарға өтініш білдірді. "Астана Тазалық" компаниясының жұмыскері өз үндеуін қазақ тілінде жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

спутн
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Татьяна Николаевнаның осы жұмысты істегеніне 14 жыл болыпты. Оның сөзінше, адамдардың бәрі тазалықшыларды жамандайды. Ол әкім есебіне осы мәселені көтеру үшін келіпті.

Айтуынша, тазалықшылар жақын жердегі ауылдардан қатынап жұмыс істейді. Түнгі сағат екі жарымда тұрып, 80-100 шақырым жүреді. Олар қанша жұмыс істегенімен, халықтың сынына жиі ұшырайды екен. Көпшілік бірден әкімдікке шағымданамыз дейтін көрінеді.

"Біз тер төгіп, ақша табамыз. Бізге қиын. Техника бар. Бірақ адам аз. Мысалы, мен өзім екі әйелмен "погрузкада" жүремін. Қар көп, су-су болып жатады. Оны тиеу де оңай емес.
Нанбасаңыз, менімен бірге таңғы сағат алтыда шығыңыз. Сыпырғыш пен күрек алып, түнгі онға дейін жүріп көрсін. Сосын бізді жұмыс істей ме, істемей ме, өздері көрсін. Ондай сөзді айтпаңдар. Instagram-да не болса соны жазбаңдар", - деді ол. 

Өз кезегінде Алтай Көлгінов коммуналдық қызмет жұмысшыларына алғыс білдіріп, қар тазалап жүрген қызметкерлерге сыйақының көптеп берілетінін жеткізді.

Әкімнің сөзіне қарағанда, қала тұрғындары қар тазалаушы болып жұмыс істегісі келмейді. Содан осы жұмысқа, ауыл адамдары келеді. Олардың көбісі қаланың сыртында тұрады екен. Осылайша, Алтай Көлгінов қар тазалаушылардың еңбегін бағалауға шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алтай Көлгінов елордаға қалың қар түскен кезде өзі де қолға күрек алып, көшелерді тазалағанын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840667-instagram-da-ne-bolsa-sony-zazbadar-kar-tazalausy-jel-halykka-ndeu-zasady/

pixel