RU

Қазақстан коронавирус анықталған елдерге әуе тасымалын тоқтатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан азаматтарына Қытайға ғана емес, сондай-ақ COVID-19 вирусы анықталған елдерге де шығуға тыйым салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан коронавирус анықталған елдерге әуе тасымалын тоқтатты

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан билігі мұндай шектеулерді коронавирус пандемиясына байланысты халық денсаулығын қорғау мақсатында енгізіп отыр.

Бүгіннен бастап Қазақстан азаматтарына Қытай, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея және Еуропа елдері мен АҚШ-қа спорттық, мәдени және туристтік шараларға қатысу мақсатында да шығуға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетсек, ертең, 13 наурыздан бастап елімізде барлық мәдени, спорт және ғылыми шараларға тыйым салынды. Биыл дәстүрлі Наурыз мейрамы да тойланбайды. Жеңіс күніне арналған әскери шеру де өтпейді.

Қазақстанның барлық мектебінде каникул 16 наурыздан басталып, 5 сәуірге дейін жалғасады. Экскурсия жасауға тыйым салынады.

Ал жоғары оқу орнында білім алушылар 16 наурыздан бастап қашықтықтан білім алуға көшеді. Мектепке дейінгі мекемелер болса, өз жұмысын жалғастыра береді.

Адамдар көп жиылған орындарда және қоғамдық көліктерде міндетті түрді залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Ал қарттар үйі карантинге жабылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттарға баруға тыйым салынды.

Елімізде кинотеатрлар мен театрлар да өз жұмысын уақытша тоқтатпақ. Ал ірі сауда үйлері мен базарлар өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Вице-премьер Қазақстанда коронавирус пандемиясы салдарынан азық-түлік жетіспеушілігі болмайтынын айтып, халықты сендіріп отыр.

Одан бөлек, Ералы Тоғжанов той мен туған күндерді, басқа да жанұялық шараларды өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға кеңес берді.

Білім және ғылым министрлігінің басшысы коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айына жоспарланған ақылы форматтағы ҰБТ кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Әзірге түлектер маусым айында міндетті тестілеуді тапсыра ма, жоқ па- белгісіз.

Бүгінде Қазақстан бірқатар елмен әсіресе Еуропа елдерімен әуе хабарламасын тоқтатты. Рейстер саны аптасына 1-2 -ге дейін қысқарды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, коронавирус пандемиясына сәйкес енгізілген шектеу шаралары қашанға дейін жалғасары белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанда әлемге тараған коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан коронавирус анықталған елдерге әуе тасымалын тоқтатты
Mailfire view pixel