Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде балабақшалар қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

Қазақстандық білім және ғылым министрлігінің басшысы елдегі бала бақшалардың қызметін тоқтатуға негіз боларлық алғышарттардың жоқ екенін хабарлады. Мектепке дейінгі барлық білім беру мекемелері қалыпты режимде жұмыс істейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде балабақшалар қалай жұмыс істейді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Асхат Аймағамбетов тілшілердің сұрағына жауап бере отырып, денсаулық сақтау министрлігінің елде COVID-19 вирусының тіркелмегені туралы мәліметіне сілтеме жасады.

Осы орайда балабақшалардың қызметін жалғастыратыны жайлы шешім қабылданды.

Алайда БҒМ басышысы оның ведомствосының елдегі эпидемиялық жағдайды бақылайтынын және коронавирус анықталған жағдайда қажетті шараларды қолға алуға уәде берді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қытайлық вирус тараса, халықтың жүріп-тұруы үшін белгілі бір шектеулер қойылғанда, қала және облыс әкімдері табиғи сипаттағы ТЖ жариялауға құқылы екенін хабарлады.

Алайда әзірге Біртанов ондай қауіпті көрмейді.

Естеріңізге сала кетейік, ОКҚ-дегі брифинг кезінде бірқатар маңызды хабарландырулар жасалды.

Айта кету керек, Қазақстанда үкімет шешімімен алдағы Наурыз мерекесіне байланысты барлық ірі іс-шаралар тоқтатылады. Бұған коронавирус қаупі себеп болды.

Сондай-ақ, қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап мерзімінен бұрын демалысқа шығады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845053-kazakstanda-koronavirus-pandemiasy-kezinde-balabaksalar-kalaj-zmys-istejdi/

pixel