RU

Қазақстанда ТЖ кезінде сауда дүкендері мен базарлар жұмыс істей ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Азық-түлік маркеттері мен базарлары өз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда ТЖ кезінде сауда дүкендері мен базарлары жұмыс істей ме

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі республикада төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен нарықтарының өз жұмысын жалғастыратынын хабарлайды делінген таратылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні коронавирусқа байланысты Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдай енгізілуде. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Төтенше жағдай режимі 16 наурыз күні таңғы сағат 8-ден 15 сәуір күні сағат 7-ге дейін әрекет етеді. Елімізде карантин енгізілуде, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

Еске салсақ, 15 наурызда елімізде COVID-19 коронавирусты жұқтырудың 8 оқиғасы тіркелген.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың төтенше жағдай режимінде қалай өмір сүретінін туралы жазған едік.

Айта кету керек, Америка Құрама Штаттарының Қазақстанға ұшақ арқылы гуманитарлық көмек жібергенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда ТЖ кезінде сауда дүкендері мен базарлар жұмыс істей ме
Mailfire view pixel