Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 337 мың адамнан асып кетті

Опубликовано:

2020 жылдың 23 наурызындағы статистикалық мәліметке сай, дүниежүзі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 337 533 адамды құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Worldometers.info сайтындағы ақпаратқа сәйкес, осы күнге дейін коронавирустан көз жұмғандардың саны 14,5 мың адамнан асып түсті. Аталмыш интернет-ресурс COVID-19 жайлы мәліметтерді онлайн-режимде жаңартып отырады.

Соңғы 24 сағатта инфекцияны жұқтырып алғандардың саны 31 мың адамға көбейіп кетті. Анықталғандай, соңғы тәулікте коронавирусты жұқтырғандардан АҚШ көш бастап тұр. Бұл елде бір күнде тоғыз мыңға жуық адам вирусқа тап болса, екінші болып келе жатқан Италияда 5,5 мың тұрғын тіркелген. Ал Испанияда болса, 24 сағатта инфекция жұқтырудың 3 мың оқиғасы анықталған.

Сайт мәліметтеріне сай, бір тәулік аралығындағы өлім көрсеткішінің тізімінде Италия көшбасшылық етуде. Бұл еуропалық мемлекетте 24 сағатта 620 адам қайтыс болған.

Коронавирус бастау алған Қытайда вирусты жаңадан жұқтырғандардың саны 50-ге жуық адамды құрап, алты тұрғын көз жұмды.

Бүгінгі күні, бүкіл әлемді дүрліктірген инфекциядан жазылып кеткендердің саны 100 мың адамға жақындап келеді. Бұл көрсеткіш бойынша ең жақсы нәтижені Қытай көрсетіп отыр. ҚХР-де COVID-19-ден 72 мың адам айығып шыққан.

Коронавируспен ауыратындардың саны бойынша қазіргі таңда Италия бірінші орында келе жатыр.

Қазақстанда аталмыш вирус жұқтырғандардың саны 60 адамға жетті. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ТЖ мен карантин режимі енгізілді. Қос шаһар да жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846841-lem-bojynsa-koronavirus-zktyrgandardy-sany-337-my-adamnan-asyp-ketti/

pixel