Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вируспен күрес: Дәрігерлерге үстемақы дұрыс төленбеген болып шықты

Опубликовано:

"Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қазақстанда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге үстемеақы төлеуде бірқатар тәртіп бұзушылық фактілері анықталғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ

COVID-19: Дәрігерлердің үстемеақысын беруде тәртіп бұзушылықтар анықталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, қор қызметкерлері аурухана мен емхана басшылары ұсынған деректердің қосымша төлем туралы бұйрыққа сәйкестігін тексеріп жатыр.

Олардың сараптамасы қызметкерлерге төлем ұсынғанда және оларды тәуекел топтарына бөлгенде өңірлік комиссиялар бұйрыққа сәйкес емес тәртіп бұзушылықтарға жол бергенін көрсеткен.

Мәселен, бұйрық бойынша айтарлықтай төмен топтағылардың тәуекел тобы жоғарылатылған, сондай-ақ, жұмыс уақытының айлық балансы да артқан. Бұл ұстемеақы сомасының азаюына алып келген, нәтижесінде мамандарға тиісті сомадан аз ақша төленген.

Үстемақылар лаборанттарға, функционалды диагностика дәрігерлеріне төленбеген фактілер де кездесті дейді Жұмағұлов. Төлемдер ақпараттық жүйелерде, ресурстарды есепке алу және пациенттерді басқару жүйесінде жоқ қызметкерлерге жасалған.

Төлемдер ұлғаю жағына өзгерген жағдайлар да болған. Бұл дәлсіздіктер, оның айтуынша, комиссияға жеткізілді. Айтуынша, үстемеақы артық төленген болса, сома жергілікті бюджетке қайтарылады.

Жұмағұлов деректерді салыстыру Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асатынын, сондықтан медициналық ұйымдардың бірінші басшылары аталған деректерге - уақыт пен ресурсты есепке алуға тікелей жауапты екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Қазақстанда үйде отырмау және карантинге жабылған аймақтардан өту үшін пара беру фактілері бойынша бірнеше тергеу амалы жүріп жатқанын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852515-viruspen-kres-drigerlerge-stemaky-drys-tlenbegen-bolyp-sykty/

pixel