Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерлей алмай отырмыз": Оралда моторлы қайық турап кеткен әйелдің басы іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Орал қаласындағы өзенде суға түскен 41 жастағы жергілікті тұрғынды моторлы қайық турап кеткен. Марқұмның баласы оны жерлеу үшін басының табылмай отырғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com, видеодан кадр/КТК
Фото: pixabay.com, видеодан кадр/КТК: Instagram

Көз жұмған Екатеринаның 19 жастағы баласы Роман оқиғаның қалай болғанын баяндап берген.

Сол күні марқұм мен оның құрбысы саяжайға барыпты. Сонда жұмыс істеп болғаннан кейін екі әйел суға түскісі келген көрінеді.

Романның сөзінше, анасының құрбысы шомылғысы келмеген, тек су беліне жеткен жерге дейін ғана барған.

Ал Екатерина жағадан алыстау жерге жүзіп кеткет екен.

"Сол сәтте жарығы қосылмаған катер жүзіп өткен. Құрбысы айғайлап, жағаға шық деп қолын бұлғай бастайды. Сол уақытта қатты дауыс естілген. Құрбысы жақын маңда демалып жүрген адамдарды көмекке шақыра бастапты. Ақырында анамның бөлшектелген денесін қапқа салып өзеннен алып шықты. Ал катер бірден кетіп қалды", - деп қайғылы жағдайды суреттеді ол.

Марқұмның жалғыз ұлы қазіргі кезде анасының басы әлі табылмағанын, сол себепті оны жерлей алмай отырғанын жеткізген.

Еске сала кетсек, Оралдағы Шаған өзенінен әйел адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз. Оның суға аққан басы мен екі қолы іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, 41 жастағы келіншек шомылып жүріп, моторлы қайықтың астында қалып қойған.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.

"Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін іздестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859740-zerlej-almaj-otyrmyz-oralda-motorly-kajyk-turap-ketken-jeldi-basy-izdestirilip-zatyr/

pixel