Ким Чен Ын коронавирус неліктен Солтүстік Кореяға кірмегенін түсіндірді
Жарияланған күні:
КХДР басшысы Ким Чен Ын орталық комитеттің Еңбек партиясы мен халықтың бірлігі арқасында коронавирустың ел аумағына енуіне жол бермеуге болатындығын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ким Чен Ын бейсенбі күні КХДР Еңбек партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының кеңейтілген отырысына қатысты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Құрметті жоғарғы басшы алты айлық мемлекеттік төтенше жағдайды бақылау және эпидемияға қарсы жұмыстарды нақты талдап, дүниежүзілік денсаулық сақтау дағдарысына қарамастан, біз қатерлі вирустың біздің аумаққа кіруіне толықтай тыйым салып отырмыз және тұрақты эпидемияға қарсы ахуалды сақтаймыз", – делінген Кореяның орталық телеграф агенттігі хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, Ким Чен Ын бұл мақтанышты жетістік, "партияның Орталық Комитетінің көрегендікпен басқарушылық қабілеті мен партияның Орталық Комитетінің бұйрығымен және жарлыққа сәйкес біртұтас әрекет ететін бүкіл халықтың жоғары саналы келісімділігінің арқасында қол жеткізді" деп атап өтті.
Ресми мәліметтерге сәйкес, КХДР-да коронавирус инфекциясының бірде-бір дерегі тіркелген жоқ.
Еске сала кетейік, 25 сәуір күні америкалық New York Post басылымы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғанын мәлім етті.
Gazeta.ru дерегінше, Солтүстік Корея басшысының көз жұмғаны туралы деректер қытайлық Weibo әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен.
Кейіннен Корея достастық қауымдастығының басшысы Алехандро Као де Бенос Ким Чен Ынның ауыр хәлде жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863237-kim-cen-yn-koronavirus-nelikten-soltstik-koreaga-kirmegenin-tsindirdi/