Выйти
RU

"Орны бөлек тұлғалар": Қауіпті дерт арамыздан алып кеткен танымал адамдар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде өршіп тұрған қауіпті вирус салдарынан көз жұмғандардың саны бүгінде ресми деректер бойынша 375 адамға жетті. Көптеген отбасы орны толмас қазаға ұшырап, бірінен соң бірі қара жамылып жатты. Аты жаман аурудың құрбандары арасында халқына сыйлы болған танымал тұлғалар да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: gorod.lv

Көрнекі сурет: gorod.lv: Facebook

Коронавирус инфекциясы ел игілігі үшін ерен еңбек еткен азаматтарды, мемлекеттік қызметкерлерді, белгілі ғалымдарды, өнер адамдарын да жалмады.

Үшінші шілде күні Ақтау әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева пневмониядан көз жұмды. Ол 54 жаста болған.

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz: UGC

Бесінші шілде күні қазақстандық танымал спорт журналисі және комментатор Диас Омаров өмірден өтті.

Қаралы хабарды жеткізген Қазақстанның спорт баспасөз қызметі қауымдастығының президенті Ілияс Омаровтың айтуынша, Диас Омаровтың өмірден озғандығы тосынан болған.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облысының бас санитары көз жұмды: Есмағамбетова жүрекжарды жазба арнады

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz: Depositphotos

Бесінші шілдеде қазақстандық кино саласы танымал каскадер актер Мұрат Мұқашевтан айырылды. Ол Алматы ауруханасында пневмониядан көз жұмды.

Фото: facebook.com/murat.mukashev

Фото: facebook.com/murat.mukashev: UGC

Жетінші шілде күні белгілі отандық дизайнер Берік Ысмайыловтың қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Өнер жұлдыздарын киіндіретін сәнгер індет кезінде арнайы бетперделер тігіп, оларды тегін таратқан еді. Алайда сұм ажал оны да жалмады.

Фото: Instagram/berik_ismailov_designer.

Фото: Instagram/berik_ismailov_designer.: Instagram

Ертесіне, "Терісқақпай" театрының актері Дархан Дайырбектің қазасы жайында хабарланды. Қайғылы хабарды журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы жеткізді.

Фото: видеодан кадр.

Фото: видеодан кадр.: Instagram

9 шілде күні танымал қазақстандық композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 74 жасында өмірден озды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі: Instagram

Дәл сол күні Өскемен полиция басқармасының бастығы Дәуір Ыбыраевтың мезгілсіз қазасы туралы хабарланды.

Тағы да оқыңыздар

"Елеусіз ем қабылауда": Шахановтың орынбасары Тоқаевтан көмек сұрады

Қаралы хабарды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жеткізді.

Дәуір Ыбыраев. Фото: Хабар 24

Дәуір Ыбыраев. Фото: Хабар 24: Instagram

10 шілде күні Алматы облысының бас сантиар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов өмірден өтті. Ол пневмония салдарынан көз жұмған.

Фото:facebook.com/baymuhambetov

Фото:facebook.com/baymuhambetov: UGC

10 шілде күні Алматы облысы тағы бір қайғылы жағдайға тап болды. Бас санитар дәрігердің өлімінен кейін облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтың қайтыс болғаны хабарланды. Хабар 24 арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Серікжан Бескемпіров те пневмониядан көз жұмды.

Фото: taldykorgan-online.kz

Фото: taldykorgan-online.kz: UGC

11 шілде күні еліміз белгілі уролог-дәрігер Әділжан Хамзиннен айырылды. Қайғылы хабарды оның әріптесі, Халықаралық репродукция академиясының президенті Вячеслав Локшин Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Фото: facebook.com/vyacheslav.lokshin

Фото: facebook.com/vyacheslav.lokshin: UGC

11 шілде күні тағы бір мықты медицина маманы ортамызда кетті. Ақтөбедегі жұқпалы ауруларға арналған аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров пневмониядан көз жұмды.

Тағы да оқыңыздар

Ләйлә Сұлтанқызы: Пандемия менің де туыстарымның ішінен көп адамды алып кетті

"Диапазон" басылымының мәліметінше, бас дәрігер соңғы күндері өзі басқаратын ауруханада төсек тартып жатқан.

Фото: diapazon.kz

Фото: diapazon.kz: Twitter

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Орны бөлек тұлғалар": Қауіпті дерт арамыздан алып кеткен танымал адамдар