Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air апаты: Экс-шенеуніктер әуежайға жақын жер телімдерін сатқанын мойындады

Жарияланған күні:

самолет бек эйр
Оқиға орнынан сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда өткен жылдың 27 желтоқсанында болған Bek Air ұшағының апатына байланысты кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы оңтүстік астананың аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкерлері тұрғын үйлер салу үшін Алматы әуежайына жақын жер учаскелерін заңсыз сатқанындарын мойындаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

6 тамызда өткен сот отырысына бұрынғы 5 мемлекеттік қызметкер келген. Олардың көбі алаяқтық жасау және лауазымын асыра пайдалануға қатысты айыпталуда.

Сот отырыс кезінде экс-шенеуніктер құжатты қалай рәсімдегенін, қалай рұқсат бергенін, учаскелерді өзара қалай бөлгенін айтып берген.

Сонымен қатар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшылары мен орынбасарлары кінәсын мойындап, өкініш білдірген.

Сот отырысына риэлторда қатысқан. Сот нұсқасы бойынша ол келісім жасауға көмектескен. Алайда айыпталушы өз кінәсын жоққа шығарып отыр.

Еске сала кетсек, өткен жылы 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам оқиға орнында көз жұмған еді. Оның ішінде экипаж командирі де болған.

Кейін әуе апатынан қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды. Ал оқиғадан бір ай өткен соң екінші ұшқыш та қайтыс болды.

Қайғылы жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көз жұмған марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ұшақ апатына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанында елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Науыз айында апаттан зардап шеккен соңғы жолаушы ауруханадан шықты.

Ал қайғылы оқиғадан кейін Bek Air-ге ұшақтарының ұшуына тыйым салынды. Компаниядан әуе кемесі мен ұшуға жарамдылық сертификаттары қайтарып алды.

Ал жолаушылар қолданылмаған билеттерінің құнын қайтаруды талап ете бастады. Маусым айында сот олардың шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, "Bek Air" АҚ бұрын сатып алынған билеттердің құнын өтеуге міндеттеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868486-bek-air-apaty-eks-seneunikter-uezajga-zakyn-zer-telimderin-satkanyn-mojyndady/