Маска орнына бетіне тірі жыланды орап алған азамат автобус жолаушыларын таңырқатты
Жарияланған күні:
Ұлыбританияда бетперденің орнына бетіне жылан орап алған азамат көпшілікті таң қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Солфорд ауданында болған бұл жайт жұрттың таңданысын тудырған деп жазады dailymail.co.uk басылымы. Ер адам Суинтоннан Манчестерге автобуспен жету үшін масканың орнына бетін жыланмен бүркуді жөн санапты. Онымен қоймай, ер адам жыланды мойнынан шешіп, автобус ішінде жорғалауға мүмкіндік берген.
Бір қызығы. автобус жолаушылары бұл жайтқа сабырмен қараған. Тіпті мұны қызық жайт деп тапқандардың қарасы басым. Кейбірі басында ер адам жыланға ұқсас ерекше маска киіп отыр деп ойлап қалған. Алайда маска өздігінен қозғала бастағанда, оның тірі жылан екенін ұғады.
Жергілікті билік болса, жылан масканы алмастыра алмайтынын айтып, ер адамның әрекетін сынға алды.
"Үкімет нұсқаулығында міндетті түрде хирургиялық бетперде кию керектігі айтылмаған. Жолаушылар қолдан маска жасап, автобусқа өз маскасымен кіре алатыны сөз етілген. Жыланды бетперде етіп киюге болмайтыны туралы ескертпе жоқ", - деп ақталды жолаушыны автобусқа кіргізген жүргізуші.
Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирус кезінде әлемді аузына қаратқан ең оғаш бетперделер туралы жазған болатынбыз.
Одан бөлек, бетперде тақпайтындармен күрес бастаған АҚШ тұрғынының оларға арнайы қару ойлап тапқанын жазған болатынбыз. Жас жігіт оқтың орнына бетпердемен ататын қару түрін құрастырып шыққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874546-maska-ornyna-betine-tiri-zylandy-orap-algan-azamat-avtobus-zolausylaryn-tayrkatty/