Қазақстандық триатлоншы Азия кубогының қола жүлдегері атанды
Жарияланған күні:
Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.
Арлан жарыс жолын 54:43 уақытта еңсеріп, жүлдегерлер қатарынан көрінген.
Алтын медальді ресейлік Роман Минеев (54:31) алса, Қытай спортшысы Минсюй Ли 54:34 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдегер атанған.
Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Аян Бейсенбаев жарысты 11-орынмен аяқтаса (55:17), Максим Шмулич 26-нәтиже көрсеткен (56:13), ал Темірлан Теміров 28-орынға тұрақтаған (56:35).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2382495-qazaqstandyq-triatlonshy-aziia-kubogynyng-qola-zhuldegeri-atandy/