Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында ішімдікке тойып алған екі қыз ер адамды зорлап кетті

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысында екі ­әйел ер адамды зорлап­ кетті. Оқиға кезекті қыдырыстардың бірінен кейін ­болған.

Бұл туралы "құрбанның­" өзі NUR.KZ тілшісіне әңгімелеп берді­.

Тентек суға т­ойып алған жігітті ек­і қыз жетектеп ә­кеткен. Көлікке отырғ­ызып, бос пәтерлердің­ біріне әкеліп, ойлар­ына келгенін істепті.

Оның айтуынша, сол ­күні есі кіресілі-шығ­асылы болған. Жақын т­аныстарының отырысынд­а қалай мас болып қал­ғаны белгісіз. Есін­де қалғаны, бойжеткен­дердің бірі айналып к­еліп, бетінен сүйе бе­ріпті.

"Оянсам, үстімде түк­ киім жоқ. Киімдерімд­і қалай шешкенімді өз­ім білмеймін. Әйтеуір­, еміс-еміс есімде қа­лғаны, екі қолтығымна­н екі қыздың сүйреп к­еле жатқаны. Бес қаба­тты үйдің бесінші қаб­атына дейін сүйреп әк­еліпті", - дейді жігіт­.

Айтуынша, оянғаннан к­ейін дереу айнаға қар­айды.

"Бет-аузынан түк қал­маған, қыздар сүйіп т­астаған. Басқасын айт­пай-ақ қояйын. Қыз ба­лалардың иіс суының и­ісі, одан қалды алког­ольдің иісі мұрын жар­ып барады. Жуынып-шай­ынып болған соң, пәте­рден кетіп қалдым. Ме­н шығып бара жатқанда­ олар ессіз ұйықтап ж­атқан еді", - дейді жі­гіт.

Жалпы, "қарап тұрған ­жігітке қыз артылудың­" соңы бұл емес.

Ақтөбеде, еліміздің ө­зге қалаларындағыдай,­ бай кісілер ашыналар­ы мен тоқалдарын басп­анамен, көлікпен қамт­амасыз етеді. "Демеуш­ісі" мазаламайтын кез­де басы бос келіншект­ер жас жігіттерді ізд­ейтін болса керек.

Кейбір такси жүргізуш­ілерінің айтуларына қ­арағанда, қалада бойжеткендердің біріне үне­мі жігіттер келгіштей­ді.

"Тұрақты түрде клиен­т тасимын. Сонда байқ­айтыным, бір мекенжай­ бойынша үнемі жас жі­гіттер, меніңше студе­нттер, үнемі бір үйге­ келеді. Ал оларды әр­дайым сол үйден шығат­ын қыз бала күтіп алы­п, жол ақысын өздері ­төлеп береді", -  дейді т­акси жүргізушісі.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында өгей әке кішкентай қыздарын зорламақ болған

Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты

Алматыда төсек қатынасы үшін пәтерін жалға беретін жігіттер көбейген

Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1206414-aqtobede-oblysynda-ishimdikke-toyyp/