Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі терактіде ауыр жарақаттанған жігіт басындағы бытырамен таксиші болып жүр (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде 5 маусым күні «Паллада» қару-жарақ дүкенінде болған атыс кезінде «Күзет» қызметінің жүргізушісі де жарақат алған болатын. 1 маусым күні жұмысқа кіріп, екі рет қана кезекпен жұмысқа шыққан Ойландық Жармановтың бүгінгі жағдайы қиын.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Жұмысқа жарамайсың» деген мекеме алты айға жұмысын тоқтатқан. Ол қазір күн көру үшін басындағы бытырамен такси қызметіне кірген.

«Жұмысқа кіріп, екі рет қана кезекпен шықтым. Сонымен бәрі болды. Қазір жағдайым қиын. Бірақ кім менің жағдайымды түзеп береді? Жұмыс істеген жерімнің өзі көмектесе алмай отыр. Бас сүйегім сынған, жағым ашылмайды. Миыма бір бытыра кіріп кеткен. Оны алуға болмайды, алса басым істемей қалады екен. Тағы үш бытыраны алды. Иығыма тиген оқ ізі тез жазылды. Ал басым әлі ауырады, кешкілік ұйқы көрмеймін. Он күн сайын ауруханадан ем аламын. Олар барынша көмектесіп жатыр, дәрігерлерге өкпем жоқ. Олар «Үйде жатуыңыз керек!» деп ұрысады. Үйде артық кірістің жоқтығы мен балаларымның нан сұрап отырғанын көріп тұрып, қалай отырамын?! Басым ауырса да, аяқ-қолым сау болған соң жұмыс жасаймын. Мен оларды асырауым керек», - дейді Ойландық Жарманов.

38 жастағы жігіт Ақтөбе мен Алға арасына қатынайтын такси қызметінде жүр. Өзге такси жүргізушілері оған «батыр» деп сыйластық білдіріп, көмектесуге тырысады.

«Қазір денсаулығым да нашарлап кетті. Басыма тиген оқтан кейін жағым қарысып қалды. Дәрігерлер бір тамырың үзілген деп айтты. Емделу керек. Бірақ балаларың үйде аш отырса, қалай емделесің?!  Әйелімнің жұмысы жоқ.  Ол да науқас, дәрігерлердің есебінде тұр. Мектеп жасындағы екі балам бар. Несие тұр, оның айына 63 мың теңгесі келіп тұрады. Жұмыс таппаған соң отбасымды асырау үшін несиеге машина алған болатынмын. Денсаулығым нашарлағалы оның қарызын өтеу қиындау болып тұр. Тоқтатып тастасаң үстіне ақша қосылады. Әлі 3,5 жыл төлеуім керек. Мен қазір нанымды осы темірден тауып отырмын», -дейді ол.

Террактіден кейін кеудесіне алтын медаль таққан жігітке дәрігерлер алты ай үйінде жатып ем алу керек деген. Бірақ төсекте жатқан жігіт басына кірген бытырамен такси қызметіне кірісті.

«ІІД-нің ішіне шақырып алып, алтын медаль тақты. Ол үшін рахмет, бірақ мені мазалап жүргені - денсаулығым, қазір нашарлап бара жатыр. Дәрігерлер мені ауруханадан шығарғанда алты ай жатуың керек деді. «Дәретханаға, далаға шыққанда қасыңа адам ертіп жүруің керек» деп ескертті» - дейді амалы жоқ тұрғын.

«Маған әкімшілік 400 мың теңге берді.  Әкімдіктің берген 400 мың теңге ақшасын мен екі ай жатқанда тоқтап қалған несие мен дүкендерден алған қарызға бердік. Мен әрі қарай қалай күн көрем? Оны ойлаған да, сұраған да адам жоқ. Жақ сүйегім сынған. Жағым қарысып, ауызым тамақ ішкен кезде де ашылмайды. Жұмыс орным емделіп жатқан уақытыма 24 мың теңге берді», - дейді терактіден соң «батыр» болып танылып, алтыннан алқа таққан жігіт.

«Мен Бердібек Сапарбаевқа кіргім келеді. Құдай өлімнен құтқарды, ендігі шағымымды кімге айтамын? Бізге көмек көрсете алатын әкеміз де, шешеміз де әкім мырза болып отыр. Сондықтан жағдайымды басқа кімге айтамын? Қасымда өзім секілді нан тауып жүрген такси жүргізушілеріне айта алмаймын ғой. Сондықтан әкімге кіріп, мына жағдайымды айтқым келеді. Себебі мені ешкім қабылдап жатқан жоқ», - дейді Ойландық Жарманов.

Тағы да оқыңыздар: 

Ақтөбеде әйелінің сұлулығын қызғанған еркектер ғана никаб кигізетін болып шықты (фото)

Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен

Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты

Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға "періште" кейпінде келіп, көмектесіп жатыр

Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)

Түсініксіз тілде шырқайтын МС Сайлаубек Қытайды бағындыруға кетті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1209130-aqtobedegi-teraktide-auyr-zharaqatta/

pixel