jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    ШҚО-да тау жынысы опырылып, шахтер мерт болды

    Шахта
    Шахта. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шығыс Қазақстан облысында "Шығыстүсмет" компаниясына қарасты Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды. Тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері көз жұмды. Бұл туралы kazinform.kz хабарлайды.

    Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 20:30 шамасында шахтаның учаскелерінің бірінде болған.

    "Тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкерінің қаза болғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз. Бұл бүкіл ұжым үшін ауыр қайғы. Біз әріптесіміздің отбасы, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз", — делінген компания хабарламасында.

    Осыдан кейін аталған учаскедегі барлық жұмыс дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта кәсіпорын мамандары мен уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

    Компания өкілдері марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

    "KAZ Minerals тобы басқарма төрағасы Андрей Третьяков арнайы құрылған комиссия мүшелерімен тұрақты байланыста болып, оқиға орнына аттанған.

    Жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", — делінген хабарламада.

    ШҚО-да тау жынысы опырылып, шахтер мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.