Оңтүстік Кореяда ауыр жұмыс істеген қазақстандық азамат тіл тартпай кетті
Жарияланған күні:
Қазақстан дипломаттары кореялық жұмыс берушіні сол елде қайтыс болған отандасымыздың туыстарына өтемақы төлеуге мәжбүр етті деп хабарлайды 24.kz.
Қаражат жақын арада Алматыда тұрған марқұмның отбасының шотына аударылады. Сондай-ақ Сеулдегі Қазақстан елшілігі жұмыс берушінің заңсыз еңбек еткен қызметкерге өтемақы төлеуі өте сирек болатын жағдай екендігінен хабардар етті.
Қазақстан азаматы Кеңес Шүкірбаев Сеулден 120 шақырым жерде орналасқан Сосан қаласында жұмыс істеген. Ол Кореяға бір айға саяхаттап келіп, кейін жұмыс істеуге қалған екен.
Марқұм шетелде жұмыс істеген 4 айдың ішінде жиырма келіге арықтаған
Достарының айтуынша, марқұм шетелде жұмыс істеген 4 айдың ішінде жиырма келіге арықтаған. Ақшасын үнемдеп, Алматыдағы отбасына көбірек жіберіп отырған. Аяқасты өлімге жарытып тамақ ішпеуі де себеп болуы мүмкін. Оның үстіне Кореяның жазы да ыстық.
"Қасымызда жүрсе, мүмкін басқаша болар ма еді?! Ол жерге барғаннан кейін сағыныш болды ма?! Әйтеуір жүрегі бірден тоқтады", - дейді Кеңес Шүкірбаевтың жесірі Шүкірбаева Мейрамкүл.
Кореяда жұмыстың лас, қауіпті және ауыр түрі бар
"Азаматымыздың өліміне денсаулығының нашарлауы себеп болғаны анықталды. Ауыр жағдайда жұмыс істегеннен оның жүрегі қиындықты көтере алмаған. Кореяда жұмыстың лас, қауіпті және ауыр түрі бар. Әдетте Кореяның азаматтары мұндай жұмыстардың бірін де істемейді", - дейді Қазақстан елшілігінің Кореядағы бірінші хатшысы Ержан Амуртаев.
Кеңес құрылыста жүріп жүргізуші де болды. Тас та қалады. Жүк те тасыды. Түскі үзілісте өзін жайсыз сезініп, достары жедел жәрдем шақырған, бірақ дәрігерлер көмектесе алмады. Жұмыс беруші Кеңестің мәйітін Алматыға жіберу шығындарын өз мойнына алып, отбасына төлемақы өтеуге келісті.
Менің де әкем шетелде жұмыс істеп жүріп қайтыс болған
"Мен көмектесуге бірден келістім, себебі менің де әкем шетелде жұмыс істеп жүріп қайтыс болған. Сол жақта оның мәйітін өртеп, бізге тек күлін әкеліп берді. Бұл оқиға бала кезімнен есте қалды. Сондықтан туыстар онымен ойдағыдай қоштасқанын қалап, азғантай ақша жібердім, себебі отбасы асыраушысынан айырылды ғой", - дейді құрылыс компанияның басшысы Чонг Сынг Кю.
"Ұшаққа ұшқанның өзі 3,5 мың доллар деді. Бальзамдауы 7 мың деп айтты. 35-40 мың кетті деп ойлаймыз", - дейді Кеңес Шүкірбаевтың жесірі.
Кеңес Шүкірбаевтың артында 3 баласы мен 2 немересі қалды. Мейрамкүл осы ауыр қазадан кейін тума-туыс, жақындарын шетелге жібергісі жоқ.
Тағы оқыңыздар:
Түркияда Ресей елшісінің өліміне қатысты ұсталғандар саны 13 адамға жетті
Жамбыл ауданында дүниеге келген үшемнің отбасына баспана берілді
Астана вокзалындағы таксишілер жаңа жылдан кейін жаппай қуылуы мүмкін
Қазақстанның барлық өңірінде қатты аяз болады
Астанада мектеп оқушысын өзінің сыныптасы ұрып өлтірген
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1355044-onhtustik-koreyada-auyr-zhumys-istegen-q/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.