Қарағанды облысында 13 жастағы қызды үш жыл бойы өгей әкесі зорлап келген
Жарияланған күні:
Қарағанды облысы, Балқаш қаласында 13 жасар қызды өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген. Ол жүкті болмайынша өгей әкесінің зорлығына шыдаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Зардап шегуші үш жыл бойы тозақта жүргендей өмір сүрген. Бәрі 2013 жылдан басталды. Ол кезде қыздың жасы 13-те болған.
Ол анасымен бірге өгей әкесінің ата-анасының үйіне барады. Кешке үлкендер аулаға шығып, үй шаруасымен айналысып жүреді.
Зардап шегушінің үйде жалғыз қалғанын пайдаланған әкесі бүлдіршінді зорлап тастайды.
Тағы оқыңыздар: Кісі басына 91 мың теңге: Еліміздің бай-бағландары той жасау үшін қалай шығындалады?
Осыдан кейін ар-ұяты мазаламаған ол 2013 жылдан 2016 жылға дейін жантүршігерлік ісін жалғасытырып келген.
Ол қызды тіпті қорқытқан. Жасөспірімнің қорқып қалғаны соншалық, анасына зорлық туралы жүкіт болғанға дейін тіс жармаған.
Қызының бір түрлі күйін байқаған анасы алаңдай бастайды. Шындықты білгенде, ол қатты таңғалады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүрді. Кейіннен бұл істі Қарағанды облысының арнайыландырған сотына берді.
Тағы оқыңыздар: Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқандарға қатысты жантүршігерлік жайт белгілі болды
"Қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты. Сотталушы 15 жылға максималды қауіпсіз колониясына жабылды. Үкім заңды күшіне енеді",- деді АҚС Шәріп Сисімбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1573276-qaraghandy-oblysynda-13-zhastaghy-qyzdy-ush/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.