jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада тағы бір отбасының бес баласы өртеніп кете жаздады

    : Instagram

    Астанада тағы бір отбасының бес баласы өртеніп кете жаздады. Аналары жұмыста болған уақытта пештің қызуынан жанында тұрған ағаш үстел жана бастаған деп хабарлайды "Евразия" бірінші арнасы.

    Фото:1news.zp.ua
    Фото:1news.zp.ua: Instagram

    Оқыс оқиға көпбалалы ана жұмыста болған кезде орын алған. Ал бұл уақытта балалардың әкесі жұмыс іздеп кеткен екен.

    Жалдамалы пәтерде тұратын үйдің отанасы қаладағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейді. Ал күйеуі жұмыссыз. Отбасы өздері тұратын аядай пәтерді 11 жылдан бері жалға алып келеді.

    Сол күні ағаштан жасалғн үстел жанып, үйдің іші түтінге толыпты. Алайда оны үйдегі кішкентай балалар байқамаған.

    Үйге келген әке жанұшыра көк түтіннің ішінен балаларын алып шығады.

    "Кешегі бес бала секілді біздің үй де жанып кете жаздады. Мен жұмыста болдым. Әкелері жол жүріп кеткен. Ол келе сала шкафтарды шешіп, далаға шығарып тастаған. Жұмыс істемеуге амалым жоқ. Күйеуім жұмыссыз. Басымызда несие", - дейді көп балалы ана Ақнұр Орманова.

    Айта кетейік, 4 ақпан күні Астана қаласы Көктал-1 тұрғын жайында бір отбасының бес қызы тірідей өртеніп кетті.

    Ал 9 қаңтар күні Қызылорда қаласы, Наурыз саяжай участкесінде жалғызбасты ананың үш кішкентай ұлы өрттен шыққан иіске уланып қайтыс болды.

    Астанада тағы бір отбасының бес баласы өртеніп кете жаздады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.