Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақ апатынан қаза тапқан генерал Қайдаров бүгін жер қойнына тапсырылады

Жарияланған күні:

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың жаназасы өтті. Рүстем Есімханұлының асына оның туыстары, әріптестері мен достары келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

"Генералдар кеңесі" РҚБ төралқа төрағасы Рүстем Қайдаров әріптестері арасында белсенді ұйымдастырушы әрі көшбасшы болған екен.

"Ол өте белсенді адам болатын, әрдайым бірдеңе ұйымдастырып жүретін. Мысалы, Отан соғысы батырларымен байланысты шаралар ұйымдастыратын. Біз 28 панфиловшы ерлігіне арналған Мәскеудегі шараларға да қатыстық, жастармен де жұмыс істедік – бұның бәрі Рүстем Есімханұлының еңбегі», - деп әңгімеледі полиция генерал-майоры, "Генералдар кеңесі" РҚБ төралқа мүшесі Райымхан Өзбекқалиев.

Оның айтуынша, генерал-майордың қазасы туралы күтпеген жаңалық барлығының қабырғасын қайыстырды. Ол Рүстем Қайдаров тірі болса, 2020 жылдың 18 мамырында 80 жасқа толар еді дейді, бұл мерейтойға дайындық басталып та кеткен екен.

Генерал Рүстем Есімханұлын жерлеу рәсімі бүгін Алматыда өтеді.

Еске сала кетейік,

27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Сондай-ақ Алматы әуежайы ұшақ апатының минуттық хронологиясын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834050-sak-apatynan-kaza-tapkan-general-kajdarov-bgin-zer-kojnyna-tapsyrylady/