Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Командир кінәлі дегенге сенбеймін": Қаза болған Bek Air ұшағы командирінің қарындасы сұхбат берді

Опубликовано:

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының командирі Марат Мұратбаевтың қарындасы Сәуле Мұратбаева алғаш рет сұхбат берді. Әйел адам тәжірибелі ұшқыштың әуе кемесіне мұз қатқанын байқамай қалуы мүмкін емес екенін айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Facebook / Бауржан Шукенов / ІІМ ТЖК
Фото: Facebook / Бауржан Шукенов / ІІМ ТЖК: Facebook

Сәуле Мұратбаеваның айтуынша, олар төрт ағайынды болған. Ал қаза тапқан ұшақ командирі Марат Мұратбаев отбасындағы тұңғыш бала екен. Әйел адамның сөзінше, ағасы ұшқыш болуды бала күнінен армандаған. Мақсатына жету үшін аянбай тер төккен ол 40 жыл бойы 20 мың сағаттан астам уақыт әуеде қалықтапты.

"Мұның соңы немен аяқталар екен деп бәріміз уайымдап отырмыз. Бірнеше нұсқасы бар дейді. Мен үшін ағам батыр болып қала бермек, ол соншама адамды аман алып қалды. Барлық ұшқыштар жаназаға келді, ол туралы тек жақсы нәрселер айтты. Дәл сол жағдайда Марат қолынан келгеннің бәрін жасады деп ойлаймын. Комиссияның не шешетінін де білмеймін. Бірақ мен командир кінәлі дегенге сенбеймін.
Егер логикалық тұрғыдан ойласақ, командир ұшар алдында ұшақты қарауы керек. Соншама жыл жұмыс істеген, тәжірибелі адам қанаттарына мұз қатқанын байқамай қалуы мүмкін бе? Ол өз-өзіне жау емес қой. Қанашама сағат ұшқан, тәжірибелі командир. Ұшақ үшін қызметтер жауап беруі керек деп есептеймін. Ал ұшқыштар мен экипаж қауіпсіз ұшып, адамдарды тасуы керек. Олардың негізгі міндеті осы", - деді Сәуле Мұратбаева.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған еді.

Әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға негізгі себеп - әуе кемесіне мұз қату болуы мүмкін деген болатын.

Сондай-ақ әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жариялаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1836077-komandir-kinli-degenge-senbejmin-kaza-bolgan-bek-air-sagy-komandirini-karyndasy-shbat-berdi/

pixel