Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкпесі жыртылған": Ақтөбеде 19 жастағы студентті университет алдында пышақтап кетті

Опубликовано:

Кеше Ақтөбеде тапа-тал түсте оқу орнының алдында 2-курс студентін пышақтап кетті. Көп қан жоғалтып, жедел жәрдем ауруханасына ауыр жағдайда түскен бозбаланы дәрігерлер аман алып қалған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"5 ақпан күні кешкі сағат 17:00 шамасында жедел жәрдем ауруханасына 19 жастағы бозбала түсті. Кеуде қуысы және сол жақ аяғынан пышақ жарақатын алған. Түскенде жағдайы ауыр болды. Ота бір сағаттың ішінде жасалды. Ота кезінде кеуде қуысы мен өкпесінің жарақаты тігілді. 500-600 мл қан кеткен. Науқас бүгін палатаға шығарылып, емін жалғастырып жатыр. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Төбелес Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне қарама-қарсы орында болған.

Жараланған  студент аталған оқу орнында оқиды. Оқытушылары зардап шеккен студенттің тәртібі жақсы, оқуда үздік болғанын айтады.

"Студентіміз оқу үздігі, оған кімнің қастық қылғанын білмейміз. Құқық қорғау орындары айналысып жатыр. Күдіктіні анықтау үшін айналадағы барлық камералар тексерілді", - дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің өкілі Қарлығаш Сатыбалдина.

Жәбірленуші Хромтау ауданының тумасы. Төбелес болған кезде оның қасында кімдердің болғаны да анықталды.

"Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полицейлер төбелеске қатысқандарды анықтап, ұстады. Пышақ жарақатын салған адамның жеке басы анықталуда. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 24, 3-99 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды",- деп хабарлайды облыстық ПД.

Жыл басталғалы облыста жасөспірімдерге қатысты 16 қылмыстық іс тіркелген.

Айта кетейік, Ақтөбенің түбіндегі ауылда қазақтың төл бизнесін дамытып отырған кәсіпкер тұрады. Еңбекке ерте араласқан Бектұрған Ідірісовтің жасы алпысты алқымдаған.

Бүгінде Алға ауданындағы мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған азамат мал өсіріп, ет, сүт өнімдерін дайындайды. Ол еңбектің нанын татпай, қадіріне жетпей жүргендер бар екеніне күйінді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1839769-kpesi-zyrtylgan-aktbede-19-zastagy-studentti-universitet-aldynda-pysaktap-ketti/

pixel