Түркияның жойғыштары екі сириялық ұшақты атып түсірді (видео)
Жарияланған күні:
Түркиялық жойғыш ұшақтар Сирияның әскери әуе күштеріне шабуыл жасады. Екі ұшақтың көзі жойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аталған шабуыл туралы Сирияның SANA мемлекеттік агенттігі мәлім етті. Басылымның ақпарынша, оқиға 1 наурыз күні Идлибте жергілікті уақыт бойынша 13:25-те орын алған.
Екі ұшақ атып түсірілді, ұшқыштар катапульталанып үлгеріп, аман-есен жерге қонған.
Кейіннен агенттіктің мәліметінше, сириялық әскерилер Түркия қарулы күштерінің ұшқышсыз басқарылатын ұшағын атып түсірген.
Бұл оқиға да Иблиб провинциясында орын алды. Сирия әскерінің мәліметіне қарағанда, олар осымен Түркияның үшінші ұшқышсыз басқарылатын ұшағының көзін жойған.
Агенттіктің мәліметінше, аталған ұшу құрылғылары атыс қаруы ретінде қолдау көрсету үшін де, сондай-ақ барлау деректерін жеткізу үшін де қолданылуы мүмкін.
Ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың атып түсірілген сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлардан өртке оранған ұшу құрылғысының құлап бара жатқанын көруге болады.
Айта кетейік, Сирияда үкіметтік армия мен түркиялық әскерилер арасында дағдарыс күшейіп барады.
Бұған дейін Израильде 172 жолаушысы бар ұшақтың Сирия қарулы күштерінің шабуылынан аман қалғанын жазғанбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1843474-trkiany-zojgystary-eki-sirialyk-sakty-atyp-tsirdi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.