Павлодар тұрғыны әлеуметтік желідегі жанжал үшін танысын өлтіре жаздады
Жарияланған күні:
"Вконтакте" әлеуметтік желісінде хат алмасқан екі ер адам сөз таластырып қалып, оның арты жанжалға ұласқан. Нәтижесінде 37 жастағы павлодарлық Ардақ Боранов ауруханадан бір-ақ шығып, тіпті, екіншіші топтағы мүгедек болып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға былтырғы жазда болған. Ардақ Боранов 1 маусым күні кешке өзіне 44 жастағы ер адамның тап бергенін еске алды. Ол шабуылдаушының жанында танысы және баласы болғанын айтады.
Оның сөзіне қарағанда, баласы шетте тұрған, ал жанындағы танысы ер адамға көмектескен. Нәтижесінде Ардаққа 6 пышақ жарақаты салынған.
"Іс жүзінде ол маған ешкім емес. Сол кезге дейін оны бір-екі рет қана көргем. "Вконтакте" желісінде жанжалдасып қалдық, бір-бірімізді балағаттап хат жаздық", – дейді жәбірленуші.
Нәтижесінде Павлодар тұрғыны ауруханада 3 ай жатып шыққан. Бірнеше рет ота жасалыпты, екінші топтағы мүгедек болып қалған.
Ардақтың айтуынша, полицейлер сол кезде "Ауыр дене жарақатын келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда, ер адам олармен келіспей, прокуратураға хат жазып жүріп, ақыры істің "Кісі өлтіруге талпыну" бабына ауыстырылуына қол жеткізген.
"Осының барлығынан кейін ол кешірім де сұраған жоқ. Көзбе-көз беттестіруде "сендейлерді өлтіру керек" деді. Екі жақтан да балағат сөздер айтылды, ондай үшін өлтірмейді. Ары кетсе, бір төбелесіп алар едік", – дейді Боранов.
Қазір аталған қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Прокурор мен куәгерлер тыңдалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда әйелін пышақтаған азаматтың бөлмесін өртеп, төртінші қабаттан секіріп кеткенін жазғанбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1844720-pavlodar-trgyny-leumettik-zelidegi-zanzal-sin-tanysyn-ltire-zazdady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.