jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Канадада белгісіз азамат 10-нан аса адамды атып өлтірді

    : UGC

    Жаңа Шотландия канадалық провинциясының Портапик қаласында белгісіз азамат тұрғындарды атып тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Канадада белгісіз азамат 10-нан аса адамды атып өлтірді
    Көрнекі фото: segodnya.ua: UGC

    Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Қайтыс болғандар арасында нәзік жанды полицей бар, тағы бір тәртіп сақшысы түрлі жарақат алды деп жазады РИА Новости жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасап.

    Полиция қызметкері Крис Лэзердің айтуынша, оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр, марқұмдар саны артуы мүмкін. Қазіргі уақытта атыс құрбандарының саны 10-нан көп.

    51 жастағы азамат 18 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша кешке адамдарға оқ ұшыра бастаған. Алдын ала деректерге сәйкес, ол полиция құрығына түсті, бірақ кейінірек полициядағы дереккөз қаскөйдің өлі күйінде табылғанын жеткізді.

    Полиция өкілі Крис Лэзердің сөзінше, олар қаскөйді қылмыс орын алған барлық провинциядан іздеген.

    Ал таңертең ол өлі күйінде табылған. Полиция қылмыскердің неден қайтыс болғаны жайлы мәлімет ұсынған жоқ.

    Қазіргі ақпараттар бойынша, қаскөй 51 жастағы Габриэл Уортман болған. Олар полиция қызметкерінің киіміне ұқсас форма киген, бірақ құқық қорғау органдарында жұмыс істемеген. Әзірге оның қылмысқа не үшін барғаны белгісіз.

    Айта кетейік, Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан екі науқас көз жұмды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен қайтыс болғандардың саны 19-ға жетті.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Канадада белгісіз азамат 10-нан аса адамды атып өлтірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.