Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда 7 жасар қыз баланы зорлаған педофил қолға түсті

Опубликовано:

маленькая девочка в пышной юбке
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Байқоңырда 28 шілдеде 7 жастағы қыз бала педофилден зорлық көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдайға байланысты Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қала тұрғындарына үндеу жолдады.

"Біздің қаламызда сұмдық жағдай орын алды. 7 жастағы қызды зорлап кеткен. Қылмыстық іс қозғалды. Зорлаған ер адам қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері одан жауап алып, басқа да тергеу әрекеттерін жүргізеді. Полиция білікті тергеу жүргізеді және күдікті заңда белгіленген қатаң жазамен жазаланады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген.

Осыдан кейін бүлдіршіннің ата-анасы үндеу жасап, ел тұрғындарынан жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1867731-bajkoyrda-7-zasar-kyz-balany-zorlagan-pedofil-kolga-tsti/

pixel