jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Бассейн мен саунаның кесірінен көпқабатты үй құлап кетуі мүмкін (видео)

    Бассейн1
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары бірінші қабаттағы бассейн мен саунаның кесірінен үй құлау қаупі бар деп алаңдаулы. Тұрғындар спорт кешенінің тұрғын үйде жұмыс істей отырып, санитарлық нормалар мен заңнаманы бұзатынына сенімді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

    Тұрғынның сөзінше, үйдің бірінші қабатында бассейні мен саунасы бар спорт кешені болғандықтан, пәтерлерден үнемі хлордың иісі шығып, үйдің қабырғалары мен төбелерінде зең пайда болған. Тұрғындар мұның соңы ғимараттың құлауына әкелуі мүмкін деп қорқады.

    Үй тұрғындарының айтуынша, олар 10 жыл бойы спорт кешені басшылығымен араздасып келген, тіпті кешеннің кесірінен жертөледегі төбелерден су тамшылап жатқанын дәлелдеу үшін тәуелсіз сараптама жүргізген, бірақ мекеменің жабылуына қол жеткізе алмаған.

    Сонымен қатар, алматылықтар спортпен шұғылданатын кешен клиенттерінің тұрақты шуына да наразы. Спорт кешенінің әкімшілігі барлық рұқсатнамалары бар екенін мәлімдейді. Әкімшінің айтуынша, тұрғындар СЭС-ке үнемі хат жазып, тексеруді талап еткенмен, олар ешқандай заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

    "Тұрғындар мекемені тексеру мақсатында СЭС-ке де арыз жазған, мамандар келіп, қайшы келер ешқандай бұзушылықтарды анықтамайды, қазір тіпті күліп жүр, жағдай барлығына күлкілі", – деді спорт кешеніндегілер.

    Осы арада үй тұрғындарының райынан кері қайтар ойы жоқ. Олар тұрғын үйлердегі бассейндер мен сауналардың жұмысына 13 жылдан бері заңмен тыйым салынғанына сенімді. Алайда, бұл кешеннің жұмыс істеуіне неліктен рұқсат етілгенін түсіне алмай дал. Аудан әкімдігі даудың ақ-қарасын анықтап, жақын арада мәселені шешеміз деп уәде берді.

    Еске салсақ, Алматыдағы "Сары-Арқа" базарының аумағындағы құрылыста қазаншұңқыр опырылып түсіп, бір адам зардап шеккен болатын.

    Оған қоса, Алматы тұрғыны түнде үйінің төбесінде үнемі шулы кештер ұйымдастырылатын айтып, шағымданған еді.

    Бассейн мен саунаның кесірінен көпқабатты үй құлап кетуі мүмкін (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.