jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Екібастұзда көпқабатты үйдің кіреберісінде қасқырды атып тастады (видео)

    Қасқыр1
    Оқиға орны. Видеодағы кадр: instagram.com/ekibas_v_teme

    Желіде Екібастұз қаласындағы ғимаратының бір кіреберісінің жанында түсірілген видео пайда болды. Кадрларда полиция қызметкерлері мен мамандардың қасқырға ұқсайтын жануарды мылтық ұстап, аңдып тұрғаны көрінеді. Жағдайды тәртіп сақшылары түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Куәгерлер түсірген кадрлардан жануардың кіреберісте жатқанын көруге болады. Маман есікке жақындап, оны жабады, содан кейін мылтықты оқтап, кейін атады. Кадр артында видео авторы қасқыр атып жатқанын айтады. Жағдайды Екібастұз полиция бөлімі анықтады.

    Видео бүгін таңертең түсірілген деп хабарланды. Олар көпқабатты үйдің кіреберісінен шынымен қасқыр тапқан. Жануарға атылған оқ арнайы дайындалған препараты бар екен. Сақшылардың айтуы бойынша, бір дозасы тек ұйықтатады, егер одан асырса, тыныс алудың тоқтауына әкеледі.

    "Ветеринариялық-санитарлық бақылау ережелеріне сәйкес, құтыруды болдырмау үшін жануар облыстық зертханаға жіберілді", – деп хабарлады Екібастұз қалалық полиция бөлімі.

    Ескерту! Бейнежазбада қатыгездік көріністері бар және оларды кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер мен психикасы тұрақсыз адамдарға көру ұсынылмайды.

    Еске салсақ, Өскемен қаласында белгісіз біреулер иттің басына шеге қағып, көшеге тастап кеткені туралы жазған едік.

    Оған қоса, коронавирус пандемиясына байланысты Ресейден келген цирк Солтүстік Қазақстан облысында тұрақтап қалған болатын. Қазақстандық жануарлар құқығын қорғаушылар цирк әртістері жануарларды қараусыз қалдырды деген ойда.

    Екібастұзда көпқабатты үйдің кіреберісінде қасқырды атып тастады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.