jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қаржы полициясына шабуыл, ереуілшілер төбелесі: Бішкектегі түн қалай өтті (видео)

    Бішкек наразылық
    Фото: 24.kg

    Қырғызстан астанасында 4 қазаннан бері наразылық акциялары басылмай тұр. Өткен түнде наразылық білдірушілер қаржы полициясының ғимараты мен мемлекеттік резиденцияны басып алуға тырысқан. Алайда, халық жасағы олардың жолына тосқауыл болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Белгісіз адамдар тобы қаржы полициясының ғимаратына шабуылдады деп жазды Sputnik Қырғызстан экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметке сілтеме жасай отырып.

    Басылымның ақпарынша, елуден астам адам қаржы полициясы ғимаратының алдына жиналып, тас атқан. Абырой болғанда, полиция қызметкерлері қақтығысқа түсепей-ақ оларды таратып жіберді.

    Сондай-ақ бір топ адам қаладағы кафе мен сауда орталығын қиратуға тырысқан. Оларды жасақшылар қорғап қалды.

    Бұдан бөлек, наразылық білдірушілер жасақшылармен қақтығысқа түскен деп жазды 24.kg.

    Дереккөздің мәліметінше, 1,5 мыңға жуық адам көшеге шыққан. Олардың кейбірі өздерін агрессивті ұстаған.

    Жасақшылар жиналған адамдарды тарауға шақырды. Біршама уақыттан кейін наразы топ халық жасағына тап беріп, төбелес басталған. Әзірге зардап шеккендер жөнінде хабарланбай отыр.

    Айта кетейік, кеше парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған халықтың Ақ үйге басып кіргенін хабарлағанбыз.

    Одан бөлек, сайлау нәтижелерімен келіспеген наразы жұрт Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қақпасын бұзып кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алған.

    Қаржы полициясына шабуыл, ереуілшілер төбелесі: Бішкектегі түн қалай өтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.