jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Измирдегі жер сілкінісі салдарынан көз жұмғандар саны 43-ге жетті

    Құтқарушылар
    Фото: Muhammet Fatih Ogras/Anadolu Agency via Getty Images

    Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 43-ке дейін артқаны белгілі болды деп хабарлайды Анадолы.

    Түркиядағы ішкі істер министрлігінің апаттар және төтенше жағдайларды басқару жөніндегі басқармасы (AFAD) Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 43-ке дейін артқаны туралы мәлімдеді.

    AFAD жасаған мәлімдемеде жер сілкінісінен кейін сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 812 жер дүмпуі болғандығы, оның 40-ының күші 4 баллдан жоғары болғандығы айтылды.

    Денсаулық сақтау саласындағы апаттарды үйлестіру орталығынан (SAKOM) алынған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 43 азамат қайтыс болған. Оның 1-еуі суға батып, көз жұмған. Жарақат алған 896 адамның 667-сі жазылып, 229 адамға ем алуын жалғастырып жатқаны белгілі болды.

    Еске салсақ, 31 қазан Грекия мен Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны туралы жазған болатынбыз.

    Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 адамға жеткені туралы жазған едік.

    Сондай-ақ, Грекия мен Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне байланысты Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы мәлімдеме жасаған еді.

    Сонымен қатар, Жойқын жер сілкінісінен туындаған цунами Түркияның Измир қаласындағы үйлерді қиратты. Оқиға орнынан алғашқы кадрлар пайда болды.

    Кадрлардан Измир көшелерін су басқанын, жиһаздардың, үйдің қирандылары мен өзге де заттардың сумен ағып бара жатқанын көруге болады.

    Измирдегі жер сілкінісі салдарынан көз жұмғандар саны 43-ге жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.