Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Титаниктегі" көріністі қайталап, суретке түспек болған жас жұбайлар суға батып кетті

Опубликовано:

Қос ғашық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үндістанда үйлену алдындағы фотосессия кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт суға батып кетті деп хабарлайды ren.tv.

Жас жұбайлар бірнеше романтикалық кадрлар түсіру үшін қайыққа отырған. Олар әйгілі "Титаник" фильміндегі Кейт Уинслет пен Леонардо Ди Каприоның бірге болған көрінісін қайталау мақсатында фотографпен бірге қайыққа отырып, өзеннің ортасына бет алады деп жазады Kaumudi Online.

Өкінішке қарай, той алдындағы фотосессия қайғылы жағдайға ұласқан. Судың қатты ағыны салдарынан ескекші қайыққа ие бола алмай, қайық аударылып қалады. 28 жастағы күйеу жігіт пен 20 жастағы келіншек туыстарының көз алдында суға батып кетті. Ескекші құтқарылып үлгерді.

Қорқынышты жайт Карнатака штаты Талакаду ғибадатханасы маңындағы Кавери өзенінде болған.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады. Олар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін куәгерлерді сұрақтың астына алуда.

Еске салсақ, бұған дейін біз қалыңдығы тастап кеткен азамат өзіне өзі үйленіп, 28 млн теңгеге той өткізгенін жазған едік.

Сонымен қатар, Ұлыбританияның Стокпорт қаласында жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шығып, дүркіретіп той өткізгенін жазған едік. Жан жарын табуда жолы болмаған жалғызбасты ана бір жыл бұрын кілем сатып алып, оған ғашық болып қалады.

Одан бөлек, 38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өткенін жазған болатынбыз. Кейт Бузина ағашқа тұрмысқа шығу туралы шешімі өміріндегі ең дұрыс шешім болғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884113-titaniktegi-krinisti-kajtalap-suretke-tspek-bolgan-zas-zbajlar-suga-batyp-ketti/

pixel