Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңдығы тастап кеткен азамат өзіне өзі үйленіп, 28 млн теңгеге той өткізді (фото)

Опубликовано:

Той
Фото: dunyanews.tv

Бразилияда ер адам қалыңдығы оны тастап кеткеннен кейін өзіне өзі үйлене салды деп хабарлайды Dunya News.

33 жастағы бразилиялық дәрігер Диого Рабело қалыңдығы Витор Буэно оған тұрмысқа шығудан бас тартқанын естігенде ешкім күтпеген шешім қабылдайды. Ол қалыңдықсыз той өткізіп, өзіне үйлене салуды ұйғарған.

Той
Фото: dunyanews.tv

350 000 реал (шамамен 28 млн теңгеге) қаражат жұмсалған аста-төк үйлену тойы Баия штатының Итакаре елдімекеніндегі курорттардың бірінде өтіп, оған Рабелоның отбасы мүшелері мен жақын достары қатысты.

Ер адам айна алдында, қонақтардың қоршауында өзіне өзі "иә" деді. Осылайша ол өзіне үйленуге көптің алдында келісімін берген.

Той
Фото: dunyanews.tv

Еске салсақ, бұған дейін біз Ұлыбританияның Стокпорт қаласында жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шығып, дүркіретіп той өткізгенін жазған едік. Жан жарын табуда жолы болмаған жалғызбасты ана бір жыл бұрын кілем сатып алып, оған ғашық болып қалады.

Одан бөлек, 38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өткенін жазған болатынбыз. Кейт Бузина ағашқа тұрмысқа шығу туралы шешімі өміріндегі ең дұрыс шешім болғанын айтқан.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Юта штатында тұратын 24 жастағы Келси Аллен әкесімен жасты адамға тұрмысқа шыққанын жазғанбыз. Бойжеткен болашақ жарын небәрі 19 жасында кездестірген, ал ол кезде ер адам 47 жаста еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884003-kalydygy-tastap-ketken-azamat-zine-zi-jlenip-28-mln-tegege-toj-tkizdi-foto/

pixel