Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбулдан Алматыға бағыт алған ұшақ құстармен соқтығысқан (фото)

Опубликовано:

Ұшақ10
Көрнекі фото: pixabay.com

Стамбулдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines Cargo әуе компаниясының жүк таситын ұшағы шұғыл түрде Ататүрік әуежайына қайта қонуға мәжбүр болған. Белгілі болғандай әуе кемесі бір топ құспен соқтығысып қалған.

Yeni Safak түрік басылымының хабарлауынша, Turkish Airlines Cargo әуе компаниясының Boeing 777 ұшағы 3 қаңтар, жексенбі күні Ататүрік әуежайынан Алматыға ұшып шыққан.

Көкке көтерілгеннен кейін әуе кемесі бір топ құспен соқтығысқан. Жарты сағаттан кейін ұшақ Ататүрік әуежайына апатты жағдайда қонған.

Басылымның мәліметінше, ұшақтың тұмсық жағы мен ауа қысымын бақылайтын бөлігіне зақым келген. Ол жөндеуге жіберілген.

Ұшақ
Бір топ құспен соқтығысқан Boeing 777 ұшағы. Фото: İbrahim YILDIZ

Айта кетейік, бұған дейін Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақтың ірі құстар тобымен соқтығысқанын хабарлаған едік.

Осыдан кейін әуе кемесінің командирі Иван Карпович әуежайға оралу туралы шешім қабылдаған. Бортта 115 жолаушы болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Әуе компаниясы бүгінде құстарға қатысты проблема өзекті болып отырғанын айтады.

Сонымен қатар Алматы әуежайында тоқтатылған рейстің жолаушылары наразылығын білдіргенін жазған болатынбыз.

Жолаушылар Алматыдан Шымкентке ұшуы керек FlyArystan ұшағын 15 сағат күткендерін, алайда әлі де ұша алмай отырғандарын айтқан еді.

Бұл мәселеге қатысты Fly Arystan әуе компаниясы пікір білдірді. Олардың мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 қаңтар күні белгіленген уақытта Алматы-Шымкент бағытындағы КС7103 рейсін орындау мүмкін болмаған.

Дегенмен кейін бортында 127 жолаушысы бар (13 жолаушы билетті қайтару мен қайта брондауды рәсімдеген) КС7103 рейсі Алматыдан сағат 17.58 ұшып шығып, Шымкент әуежайына 19.00-де қонған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1892136-stambuldan-almatyga-bagyt-algan-sak-kstarmen-soktygyskan/

pixel