Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп жақтастарының Капитолийді басып алуы: Қаза тапқандар саны төртке жетті

Опубликовано:

Наразылық
Фото: Владислав Павлов / ТАСС

Дональд Трамп жақтастарының Капитолийді басып алуы кезінде қаза тапқандардың саны төртке жетті деп хабарлайды ТАСС.

Вашингтон билігі сәрсенбіде АҚШ Конгресі алдындағы наразылық акциялары кезінде төрт адамның қаза болғанын растады. Бұл туралы баспасөз конференциясында Вашингтон полициясының басшысы Роберт Конти мәлімдеді.

Роберт Контидің айтуынша, "наразылықтар кезінде кем дегенде 14 полиция қызметкері жарақат алған". Олардың екеуі емханаға жатқызылды.

Ол Конгресс ғимаратында оқтан жарақаттанған бір әйелдің қайтыс болғанын растады және оқты полиция қызметкері жаудырғанын нақтылады.

Конти, сондай-ақ, тағы үш адамның қаза тапқаны туралы хабарлады. Алайда олардың неден қаза тапқандарын нақтыламады.

"Бұған қоса, бүгін Капитолий ғимаратының маңында тағы үш адам қайтыс болды деген хабар келді: бір әйел және екі ер адам түрлі жарақаттардан тіл тартпай кетті", - деді ол.

Еске салсақ, бүгін 7 қазанда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге, одан кейін Вашингтондағы Сенат залына баса көктеп кірген еді. Онда президенттік сайлаудың нәтижелерін бекітуге бағытталған кездесулер өтуі тиіс болған.

Кейінірек, Байден Трамптың жақтастарының Вашингтондағы Капитолийге баса көктеп кіруін жай наразылық емес, бүлік деп атады. Байден Трамптан өз жақтастарының әрекетін дереу бұрыс деп табуын талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1892625-tramp-zaktastaryny-kapitolijdi-basyp-aluy-kaza-tapkandar-sany-trtke-zetti/

pixel