Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада банк терминалын тонамақ болғандар ұсталды

Опубликовано:

Ұры
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданының орталығында екі ер адам дүкен ішінде тұрған банк терминалын бұзып жатқанда қолға түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түн ортасында Жалағаштағы дүкен ішінде адамдардың жүргені туралы аудандық ішкі істер бөліміне хабар түскен.

"Тәртіп сақшылары оқиға орнына барғанда дүкен ішіндегі Kaspi Bank терминалын "болгаркамен" кесіп жатқан екі адамды ұстады. Күдіктілер өздерімен бірге электрлі бұрғы мен тістеуік сияқты құрал-саймандарды алып, шатыр арқылы кіргені анықталды", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі мен 188-3-баптың 3-бөлігі (ұрлық әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі кезде 42 және 34 жастағы қос күдікті тергеу абақтысына қамалды.

Еске сала кетсек, Қызылордада гуманитарлық жүкті өз пайдасына жаратқандар анықталды.

2020 жылы Қызылорда облысында жекеменшік компанияның салық пен кедендік төлемнен жалтару фактісі анықталған.

Бас көлік прокуратурасында түсіндіргендей, фирма гуманитарлық көмек ретінде Қазақстанға бір реттік және көп реттік қорғаныс комбинезондарын, бахила, қорғаныс көзілдіріктерін, бас киімдерді, медициналық маскаларды, резеңке қолғаптарды жеткізген.

Жүктің салмағы 123 келі, ал жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асқан.

Бірақ ұйым мұқтаж жандарға көмектесудің орнына тауарларды өз мақсатына пайдаланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903601-qyzylordada-bank-terminalyn-tonamaq-bolgandar-ustaldy/

pixel