Щучинсктегі кафеде болған өрт салдарынан қаза тапқандардың саны артты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесінде болған өрттен қаза тапқандар саны 12-ге жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысының Бурабай аудандық әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақмола облысының Бурабай аудандық әкімдігі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесінде болған өрттен жарақат алған тағы бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 12-ге жетті.
Әкімдік мәліметінше, өзге зардап шеккендердің жағдайы бүгінде тұрақты.
"Зардап шеккендердің барлық отбасына Бурабай ауданының әкімдігі 2 миллион теңге, сондай-ақ кафе иелерінен 2 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Жерлеу рәсімінің шығындары да өтеледі", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Щучинсктегі жарылыс
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда түнде Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек қаза тапқандар саны 7 адамға дейін өскені белгілі болды. Қаза тапқандардың бірі кәмелет жасына толмаған.
Көп ұзамай кафе иесі ұсталғаны және "Центр плова" кафесінде болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға дейін артқаны хабарланды.
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2367356-shuchinsktegi-kafede-bolgan-ort-saldarynan-qaza-tapqandardyng-sany-artty/